Ақмола облысының туризм басқармасы
"
KZ   RU   EN   ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ   

2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ақмола облысы туризм басқармасының қызметі туралы көпшілікпен талқылау есебін өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелері бойынша Ақмола облысы туризм басқармасының

қызметі туралы көпшілікпен талқылау есебін

өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

жүктеу

2015 жылдан бастап, орталық атқарушы органдардың қосымша функцияларының жергілікті атқарушы органдарға берілуіне байланысты, Туризм басқармасы үш мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Олар ақпараттық сипаттағы екі қызмет - «Туристік қызмет көрсеттетін тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен, және туристік маршруттар және жолдардың мемлекеттік  тізілімінен  үзінді»,  «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» және бір рұқсат беру қызметі - «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет)лицензия беру».

ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №495 бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы №А-8-384 қаулысымен  «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» және «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет)  лицензия беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері бекітілген.

«Туристік маршруттар және жолдардың мемлекеттік  тізілімінен  үзінді»  мемлекеттік қызмет ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы №1110 бұйрығымен бекітілген, ҚР әділет Министрлігінде 2016 жылғы 11 қантарда тіркелген  стандарт  негізінде іске асырылады.

2016 жылдың 14 қантарында туризм басқармасының басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмет туралы есепті көпшілікпен талқылауды өткізу бойынша ұйымдастырушылық іс шараларының жоспары бекітілді.

Осы жоспарға сәйкес Басқарма сайтында  www.turakmo.kz  2016 жылдың 20 қантарында Ақмола облысының туризм басқармасының 2015 жылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметі туралы есеп жарияланды. Сонымен бірге осы есепті көпшілікпен талқылаудың басталуы туралы ресми хабарландыру берілді.

Ағымдағы жылдың 25 ақпаны жағдайына  (бекітілген Жоспарға сәйкес) туристік саласының субъектілері және басқа да қызығушылық танытқан мекемелер және ведомствалар жағынан ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.