Ақмола облысының туризм басқармасы
"
KZ   RU   EN   ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ   

Туризм

Ақмола облысында Бурабай, Зеренді, Қорғалжын, және басқа да табиғи жерлері бола тұрып, бүкілхалықтық туризм жүйесінде өз орнын алуға қабілеті бар. Аңшылық, балық аулау, суда жүзу спорты және экологиялық секілді туризмнің басқа да түрлерін дамытуға мумкіндіктері бар.

Шучье-Бурабай демалыс аймағының табиғи кешендері Қазақстан Республикасының туристерін ғана қызықтырып қоймай, сонымен қатар таяу және алыс елді мекендерінде тұратын туристер де келіп кетпей қоймайды: Бұл тамаша табиғи ауа-райы жағдайларымен, бай емдік қорларымен, тарихи-мәдениет қорымен, тиімді географиялық орналасуымен, қолдағы бар мемлекеттік көлік авиациясы, темір жол және автомобиль магистралі бар курорттық орындар. Шучье - Боровой аймағы өзінің курортологиялық ерекшеліктерімен 19 ғасырдан бастап әйгілі.

Ең алғашқы қымызбег емдейтін шипажай Бурабай көлінің жағалауында 1910 жылы салынды, 1925 жылы мемлекеттік Бурабай курорты ашылды,1927 жылы Шучье колінің жағасында ең бірінші «Бармашино» шипажайы пайда болды. 

Шипажайда демалушыларға физиотерапияның, су мен сазбен емдеудің барлық түрлері ұсынылады, «Шучье» шипажайында жүректі емдеу бөлімі ашылды, «Жеке Батыр» шипажайында компьютерлік диагностика, лазер сәулесі мен емдеу, жасарту кабинеті, вибромассаж және косметикалық биомассаж бөлімдері ашылды.

Демалушылар қызметіне хауызы бар сауналар, бильярд, видеосалондар, бар, жаз уақытында жағажай, қайықтар, катамарандар, туристік маршруттар ұйымдастырылған. Маусымдық 260 орынды "Алтын Орман" туристік базасы "Бурабай" курорт аймағына қызықты саяхаттар мен табиғатымен танысуды ұсынады.

Облыста экологиялық туризмнің дамуына бірегей орын бар: аз халқы бар Қорғалжын аймағы Орталық Қазақстанда  Астана қаласынан 130 км қашықтықта орналасқан. Меруерт өлкесі  Қорғалжын қорығы - Қазакстанның ерекше қорғалатын жері, 2600 ш. км аудандық жерді алып жатыр. Бұл далалық зонаның ең көлемді акваториясы және Еуразия құрлығындағы бірегей орындардың бірі болып саналады, мұнда оның 300 түрі бар. 1974 жылы Суда жүзетін құстарды қорғау туралы Рамсар Конвенциясы бойынша территория халықаралық маңызы бар жер-сулардың тізіміне енгізілді, ал 2000 жылы Ғаламдық Табиғат Қорығының «Тірі көлдер» жүйесіне кірді. Бұл ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасының номинациясына ұсынылған Қазақстанның алғашқы табиғи территориясы болып табылады.