Ақмола облысы туризм Басқармасының 2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызметі туралы
ЕСЕП
жүктеу
«Ақмола облысы туризм Басқармасы» ММ Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпанындағы №А-2/60 қаулысымен құрылған. Басқарманың негізгі міндеті туристік қызметті дамыту сұрақтары бойынша мемлекеттіік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.
2015 жылдан бастап, орталық атқарушы органдардың қосымша функцияларының жергілікті атқарушы органдарға берілуіне байланысты, Туризм басқармасы үш мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Олар ақпараттық сипаттағы екі қызмет - «Туристік қызмет көрсеттетін тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен, және туристік маршруттар және жолдардың мемлекеттік тізілімінен үзінді», «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» және бір рұқсат беру қызметі - «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет)лицензия беру».
ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №495 бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы №А-8-384 қаулысымен «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» және «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері бекітілген.
«Туристік қызмет көрсеттетін тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен, және туристік маршруттар және жолдардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік қызмет ҚР Үкіметінің 2 014 жылғы 5 наурыздағы № 192 қаулысы негізінде іске асырылады.
Заңды және жеке тұлғаларға ақпаратық сипаттағы қызметтер қағаз нысанында, тегін көрсетіледі. Қызметтер кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жедел көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш және нәтижесін беру Басқарманың кеңсесі арқылы іске асырылады. Қазақстан Республикасы еңбек заңнаммасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқасынан, жұмыс кестесі - дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 17.30 дейін, сағат 13.00-ден сағат 14.30 дейін түскі ас үзілісімен. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі - өтініш түскен күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні.
«Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау халыққа қызмет көрсету Орталығы, сол сияқты «электрондық үкімет» www.e.gov.kz және «Е-лицензиялау» www.elicense.kz арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету көрсету мерзімі:
ХҚК орталығына құжаттар топтамасы тапсырылғаннан, сол сияқты порталға өтініш бергеннен бастап:
Лицензия беру - 13 жұмы күні;
Лицензияны қайтадан рәсімдеу - 13 жұмыс күні;
Лицензия телнұсқасын беру - 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (жекелеп автоматтандырылған) және (немесе) қағаз бетінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Аталған қызмет түрлерімен айналасуға құқық алу үшін лицензия берілгендегі лицензиялық жиын 10 АЕ құрайды.
Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша анықтамалық ақпарат (нормативтік құқықтық база, 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы, мемлекеттік қызмет стандарттары, регламенттері), сол сияқты Басқарманың байланыстары туризм Басқармасының www.turakmo.kz ресми сайтында орналастырылған. Сонымен қатар, Туризм басқармасында келушілер үшін көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық стенд қойылған.
Туризм басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жасау мақсатында, ақпан және қыркүйек айларында аппараттыық жиылыстар өткізілді. Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар облыстық және қалалық газеттерде жүйелі орналастырылады.
Жыл бойында қызметті алушыларға 10 мемлкеттікк қызмет көрсетілді, оның ішінде «Туристік қызмет көрсеттетін тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен, және туристік маршруттар және жолдардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» бойынша 1 қызмет, «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия беру» бойынша 9 қызмет көрсетілді.
Қызметті алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына ескертулер мен шағымдар түскен жоқ.
Ақмола облысы
туризм басқармасының
басшысы Ш.Батырханов