«Бурабай даму» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен құрылды, 2015 жылдың мамыр айынан бастап туристік қызмет көрсетеді және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомствалық қарасты ұйымы болып табылады. 2016 ж. мемлекеттік тапсырыс аясында ЖШС Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристтік имиджін қалыптастыруымен айналысады. Қазіргі кезде «Бурабай даму» ЖШС инвестициялық тартымдылығы үшін қажетті туристтік инфрақұрылым мен жер қорлары бар.
Әлемдік деңгейдегі, жаңа жыл бойына созылған курорттық аймақ жасауға бағытталған Щучье-Бурабай курорттық аймағының солтүстік бөлігін дамыту тұжырымдамасын, Сізге қарау үшін ұсынуға қуаныштымыз.
Инвесторларға мақсаты әлемдік деңгейдегі жаңа жыл бойғы курортының құрылысы болып табылатын, Щучье-Бурабай курорттық аймағын солтүстік бөлігін дамыту Тұжырымдамасын қарау үшін ұсынылады. Жобаны іске асыру үшін «Бурабай» ұлттық паркінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, Үлкен Шарбақты және Текекөл жағалауларын қамтитын 233 га жер аумағы таңдалған.
Берілген жер учаскесінің артықшылығы:
- Жер телімі елді мекеннен 3 км жерде орналасқан.
- Ыңғайлы кіреберіс жолдары және жақын жерде орналасқан жоғары вольтты электр тасымалдау желісі бар.
- Жер телімнің жаңында 3 км қашықтықта - Бурабай кентінің қанал жүргізу тізбегі мен Сергеевка су құбыры орналасқан.
- Ландшафт пен жер бедері туризмді дамыту үшін қолайлы, рельеф - ұсақ құмды, Үлкен Шарбақтының жағалау аймағы - жазық.
- Бүгінгі күні инженерлік желі мен елді мекеннен жер телімге бағытталған автожол салу үшін инвестициялық жоспар дайындық сатысында.
Туризм - кластерлік қағидамен дамуға көзделген, Қазақстан экономика саласының басымдылық тізіміне енеді. Туристтік кластерлер арасында Щучье - Бурабай курорттық аймағының кешенді және серпінді дамуы маңызды орын алады.
Аталмыш жобамен инвесторлар қызығушылық танытып, инвестициялық қаржылары болған жағдайда, жоғарныда айтылған жобаны өзара тиімді талаптармен жүзеге асыруға болатынына сенімдіміз.
Байланыс телефондары: 8(71636)7 17 80, 7 17 96
е-mail: burabaydamu@mail.ru