2012 жылдың 12 желтоқсанында Көкшетау қаласында Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы кулинарлар Ассоциациясымен төртінші Ақмола өңірлік ұлттық ас үй -2012 фестивальі өткізілді.
Фестивальдің негізгі мақсаты туристердің тамақтану саласындағы қызмет сервисінің жоғарылауына және жетілдірілуіне, кулинарлы шеберліктің елге әйгіленуі, қонақжайлық және тамақтану индустриясын ұйымдастыру, тәжірибе алмасу,қонақ үй туристік саладағы кулинария дамуының бағытын тиімді анықтау.
Фестиваль аясында облыстың қоғамдық тамақтану және демалыс кәсіпорындары, мейрамханалар арасында кулинарлар сайысы өткізілді, ең жақсы ұлттық үстел, жақсы тақырыптық үстелге кондитерлік өнер бойынша жеке және командалық жарыстар өткізілді. Фестиваль аясында «Үздік кондитер», «Үздік даяшы», «Үздік аспаз» атаулары бойынша сайыстар өткізілді.
Ұлттық ас үй фестивалінің жұмысында Бурабай курортты аймағының мекемелері, Көкшетау қаласының кулинарлық, мейрамханалық бизнесінің субъектілері, қоғамдық ұйымдар, курорт өңірінің сауықтыру үшін қызмет көрсететін сервис мамандарын дайындайтын оқу орталықтары қатысты.
Командалық сайыста фестивальдің өткізілу қорытындысы бойынша сыйлы орындар төмендегілерге берілді:
1 орын КМУ «Көкшетау қ № 1 Құрылыс-техникалық колледжі»
2 орын Щучье қ Туризм және сервис индустриясы колледжі
3 орын «Көкше» Академиясының ВШТ және Г
Үздік ұлттық үстелді Бурабау ауданынан «Экспресс» кафесі көрсетті. Үздік тақырыптық үстелді Щучье қ туризм және сервис индустриясы колледжіне берілді. Үздік тақырыптық түскі ас Көкшетау қ № 1 Құрылыс-техникалық колледжі көрсетті.
Сайыстық бағдарламаның барлық жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
Қоғамдық талапқа сәйкес, фестивальге қатысушылар кәсіби киімде өнер көрсетті (күртешелер, бас киім, алжапқыш, аяқ киім). Жеңімпаздарды кулинария облысындағы жоғары класс мамандары ҚР кулинарлар ассоциациясының тәуелсіз эксперттері құрамына енген білікті комиссиялар анықтады. Фестиваль жұмысында Кулинарлық кеңесінің Бүкіл әлемдік Ассоциациясы критериялары бойынша халықаралық класс төрешісі, Қазақстан Республикасы кулинарлар ассоциациясының президенті - Мащинская Е.И. қатысты.
Фестиваль жеңімпаздарын анықтау барысында, комиссия тек қана дастарханның жайылуына ғана емес сонымен қатар мәзірді қорғау, үстел тақырыбын ашуға, қонақтарға қызмет көрсетуге, сонымен қатар тағамдардың кәсіпті дайындалуына, оның дәмінің сапасына және оның дайындалу қиындығына да қарады.