Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустрия комитетінің бастамасы бойынша а.ж. 8-9 ақпан айларында Ақмола облысының Шучия-Бурабай курорттық аумағында, «Rixos Lake Borovoe» қонақ үй базасында 40 адамға жуық журналистердің қатысумен Қазақстандық БАҚ өкілдері үшін пресс-тур өткізілді.
Пресс-турдың негізгі мақсаты -курорт аумағының туристік әлеуетін жариялау және кең насихаттау. Сонын шеңберінде Абылай хан алаңына, мұражай кешенінің нысандарына және басқада Бурабай ауылының назар аударарлық орындарына баруымен, жарнамалық-ақпараттық туры өтті. Сонымен қатар «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйінің презентациясымен танысты.
Экскурсиялық бағдарлама барысында «Санта-клаус» резиденциясына, «Қазақстандық Лапландия»түлтұлғасына, Визит-центрге барды.
Пресс-тур қатысушылары көңіл көтеру және сервистік қызмет көрсету түрлерімен кеңінен танысты.
Бағдарлама өткізілген қортындысы бойынша Республикалық БАҚ журналистердің қатысуымен пресс-конференция өтті.