Управление туризма Акмолинской области
"
KZ   RU   EN   ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ   
Қорғалжын ауданындағы туризм дамуының болашағы.

2013 жылдың 17-18 қаңтарында Қорғалжын ауданы әкімдігімен «Балтабеков и К» ЖШС көмегімен «2013-2016 жылдарға Ақмола облысының туристік кластері дамуының шеберлік жоспарын іске асыру аясында, Қорғалжын ауданындағы туризм дамуының болашағы туралы» семинар өткізілді.
Семинар ұйымдастырушылары Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қорғалжын ауданы әкімдігі, Қорғалжын мемлекеттік қорығы.

Семинар аясында дөңгелек үстел өтті, онда Қазақстандағы, Ақмола облысындағы және нақты Қорғалжын ауданы аймағындағы туризм дамуының сұрағы талқыланды.
Отырыс басталмас бұрын семинар қатысушылары қорықтың «Визит» орталығына, «Муравейник» балалар шығармашылық үйірмесіне барып шықты. Ұлттық бұйымдарды тігу және киізден жасалған бұйымдар бойынша Қорғалжын халқының шеберлері қонақтар үшін шебер-класс көрсетті. 
Шақырылғандар арасында: Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар және туризм индустриясы Министрлігі, туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары - М.А. Саймасаев, Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары - Ш.Б. Батырханов, Қазақстандағы Украина елшісінің экономикалық сұрақтары бойынша 3 ші хатшысы Т.М. Баударбеков, ИПК МПК «Туран-Профи» халықаралық кәсіптік Академиясының вице-ректоры А.С. Альменова, Қазақстан Республикасы туристік ұлттық лигасының президенті - К.В. Миляев, ИПК МПК «Туран-Профи» туризм және сервис зерттеу орталығының бастығы Т.Ю. Федас, «Ақмола Турист» ҚАҚ директоры В.Р. Жуков, «ORTA» ЖШС директоры С.И. Рустамбеков және т.б.
Семинарға Қорғалжын ауданының әкімі К.О. Рыскельдинов, Қорғалжын мемлекеттік қорығының директоры М.С. Айтжанов, «Нұр Отан» ХДП маслихатының өкілдері, аудан әкімі бөлімдерінің басшылары, ауыл аймақтарының әкімдері, кәсіпкерлер және т.б.
Семинарда осы облыстағы Қорғалжын өңірінің мәні туралы, нақ осында ЮНЕСКО бүкіл әлемдік табиғи мұрасының нысаны - Қорғалжын қорығы бар және EXPO-2017 өткізу күндерінде туристер нақ осы жерге келеді, Ақмола облысындағы, Қазақстандағы туризм дамуының сұрақтары қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары С.К. Аккожин баяндамасында 2 инвестициялық жоба туралы ақпарат тыңдалды: «Біртабан ауылындағы демалыс нысаны» және Қорғалжын с. этноауыл «Қорғалжын ауданындағы экотуризм дамуының мәдени-тарихи ресурсы ретіндегі этнографиялық орталық» өңірдегі туризм дамуындағы кедергілер мен бар мәселелер, сонымен бірге туризмнің болашағы туралы ақпарат берді.
Ш.Б. Батырханов баяндамасында Ақмола облысындағы инфроқұрылым дамуы үшін EXPO-2017 рөлі ерекше екені, Қорғалжын ауданының үлкен әлеуеті туралы, «Қорғалжын с. этноауылдың құрылуы» жобасының іске асу маңыздылығы атап өтілді. Ауданның табиғи мүмкіндіктерін толықтай қолдану ұсынылды. Демалыс зоналарын құру, сазбен емдеу, спа орталықтары, фитотерапиялар, климотерапиялар, жол бойындағы сервистерді дамыту. 
«Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық қызметтестіктің өзара пайдасы туралы және даму болашағы туралы» тақырыпты Қазақстан Республикасында Украина елшісінің экономика сұрақтары бойынша 3 ші хатшысы Т.М. Баударбеков ашты. Нақтырақ айтқанда Украинаның туризм дамуы аясындатәжірибесі мол, олар өз тәжірибесімен бізбен бөлісе алатындарын атап өтті. 
Өңірдегі туризм инфроқұрылымын құрудағы жергілікті халықтың белсенділігіне және қызығушылығына назар аударады. 
Барлығы 10 баяндама тыңдалды, одан соң көзқарастарымен алмасты және қорытынды шығарылды. «Дөңгелек үстел» отырысын ашып жүргізген аудан әкімі К.О. Рыскельдинов. Дөңгелек үстел отырысына 46 адам қатысты.
Семинар аясында Қорғалжын с. 15 км орналасқан Біртабан с. қатысушылар барды, онда олар «Біртабан көліндегі демалыс нысаны» жобасының іске асуымен танысты. Ad Muncher

просмотров: 7794
вернуться назад