Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысын жүзеге асыру шеңберінде, Қазақстанда тұңғыш рет 2013 жылдың 7 ақпаннан №А2/60 Ақмола облысының әкімдігі қаулысымен Ақмола облысының туризм басқармасы құрылды.
Бұрында мемлекеттің қалалары арасында бірінші туризм бойынша басқарма Алматы қаласында құрылған болатын. Өірлік деңгейде туризм бойынша уәкілетті орган пайда болғаны, мемлеккетте туризмді жылжыту үшін ерекше маңызы бар. Бүгінгі күнде Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аналогиялық мекемелерін құруы қажет болып тұр.
Әзірше Қазақстанда бірінші және жалғыз облыстық туризм басқарма бастығы 2013 жылдың 1 наурызынан №33-л/с Ақмола облысының әкімі Қ. Айтмухаметовтың өкімімен тағайындалған Ш. Батырханов болып табылды.
Батырханов Ш.Б. - 1955 жылы туған, 2 жоғарғы білімі бар, сонын ішінде жоғарғы экономикалық . 20 жылдан астам мемлекеттік қызметте, осы кезең ішінде ҚР Президентінен екі алғыс хатымен ерекшеленді, 3 мереке медальмен, «ҚР туризм дамуында еңбегі үшін», «ҚР туризм саласының құрметті қызметкері» белгімен марапатталған, құрметті профессор, Ақмола облысының беркутчи Федерациясының президенті.